Беделді Futsalplanet Awards 2020 ұйымдастыру комитеті «Әлемнің үздік клубы» номинациясы бойынша лауреат атағына үміткерлерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz порталы futsalplanet.com сайтына сілтеме жасап.

Үміткерлер арасында 2020/2021 жылғы Чемпиондар лигасына қатысқан «Алматы» Қайрат пен «Ақтөбе» командалары жоқ.

2020 жылғы әлемнің ең үздік клубы атағына мына клубтар таласпақ: Барса (Испания), Магнус Футзал (Бразилия), Мес Сунгун Варзаган (Иран), КПРФ (Мәскеу, Ресей), Интер Мовистар (Испания), Нагоя Оушенз (Жапония), ПТТ Блювейв Чонбури (Тайланд), Коринтианс (Бразилия), Спортинг (Португалия) және Тай Сон Нам (Вьетнам).

2019 жылы испандық Барса осы номинацияның лауреаты болды.

Фотосурет: futsalplanet.com