«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдудың әлеуметтік желілердегі жазылушылар саны 460 миллионнан асты, деп жазады Prosports.kz.

Роналдудың әлемдегі ең ірі үш әлеуметтік желі - Facebook, Twitter және Instagram желісіндегі жазылушылар санын қоса есептегенде, жалпы саны 465 млн болды.

Атап айтқанда, оның Instagram парақшасына 251, Facebook парақшасына 124, Twitter парақшасына 90 млн адам жазылған.

Бұл көрсеткіш бойынша, екінші орында «Барселона» ойыншысы Лионель Месси жайғасқан. Оның Twitter желісінде парақшасы жоқ. Ал өзге екі желідегі жазылушылар саны 265 миллион.

Үшінші сатыда ПСЖ шабуылшысы Неймар тұр. Оның үш желідегі жалпы жазылушылар саны 254 миллион.

Әлеуметтік желілерде жазылушылары ең көп он футболшы: