16 қаңтарда «Қайрат» АФК футзалдан Еуропадағы ең басты клубтық турнирдің жаңа маусымын бастайды. Чемпиондар лигасы 1/16 финалының жеребесі бойынша алматылық клуб Орша қаласының «Витэн» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесу бір матч форматында Беларусьтің Могилев қаласында 2021 жылдың 16 қаңтарында өтеді. УЕФА ережелеріне сәйкес барлық матч көрермендерсіз болады.

«Қайраттың» матчын тікелей эфирде 16 қаңтарда @qazsporttvkz көрсетеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.

«Қайрат» пен «Витэн» 2013-2014 жылғы маусымда УЕФА кубогында кездескен. Алматыдағы Элиталық кезеңде қазақстандық клуб қарсыласын 9:0 есебімен жеңген болатын.