Испания чемпионатының 18-турындағы «Атлетико» - «Атлетик» арасындағы бүгінге жоспарланған кездесу өтпей қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ла Лига Мадридте қалың қардың түсуіне байланысты ойынның белгісіз мерзімге шегерілгенін жариялады.

Бұған дейін Баск елінің командасы мінген ұшақ Испания астанасына қона алмайтыны хабарланған болатын.

Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығынан Wanda Metropolitano стадионында доп тебу мүмкін емес болып тұр.