Премьер-лигаға қайта оралған «Ақтөбе» алғашқы оқу-жаттығу жиынын қашан және қайда өткізетінін хабарлады.

«Ақтөбенің» келер маусымға дайындығын Нұр-Сұлтанда өткізеді. Оқу-жаттығу жиыны 17-31 қаңтар күндері аралығына жоспарланған.

Команда ҚФФ футбол үйінде орналасады. Ақпарат бойынша, базада жаттығуға барлық жағдай жасалған.

Сондай-ақ, осы жиын алдында клуб басшылығы жаңа жаттықтырушыны таныстыруды жоспарлап отыр.