Қазақстандық файтер Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегіндегі қарсыласы ауысты.«Найман» 22 қаңтарда Магнитогорск қаласында AMC Fight Nights кеші аясында ресейлік Магомед Магомедовпен жұдырықтасуы қажет еді. Инсайдер Игорь Лазориннің мәліметінше, оның жаңа қарсыласы ресейлік файтер Алексей Ильенко (8-2-1) болмақ. Еске салайық, қазақстандық спортшы өзінің алдыңғы жекпе-жегін осы жылдың қыркүйек айында өткізіп, ресейлік Ахмад-Хан Боковты жеңген еді.