EA FIFA 21 жылдың символикалық құрамасына үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Тізімде барлығы 70 ойыншы бар. Оның ішінде 11-і дауыс беру арқылы таңдалады, олар жылдың символикалық құрамына енеді және арнайы карталарға ие болады. Қосымша, 12-ойыншы бөлек дауыс беру арқылы таңдалады. Дауыс берудің аяқталу күні белгісіз. EA сайтында ойыншыларға дауыс беруге болады.

Тізімде Алиссон (Ливерпуль), Мануэль Нойер (Бавария), Вирджил ван Дейк (Ливерпуль), Серхио Рамос (Реал Мадрид), Кевин де Брюйне (Манчестер Сити), Килиан Мбаппе және Неймар ( екеуі де ПСЖ), Криштиану Роналду (Ювентус), Лионель Месси (Барселона) және басқалары кірген.