Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Андрей Голубев Анталиядағы ATP турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар Бельгия өкілдері Дэвид Гоффин мен француз Пьер-Уго Гербертке қарсы ойнады. Кездесудің есебі - 2:1 (6:3, 0:6, 12:10).

Бір сағат он минутқа созылған матчта қазақстандық теннисшілер екі рет қосарланған қателік жіберіп, екі брейк-пойнтты жүзеге асырды және 53 ұпай жинады.