Жалға беру мерзімі аяқталған Урош Радакович «Астана» сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 жастағы сербиялық ойыншы астаналық клубта маусымның жартысын өткізіп, Қазақстан чемпионаты мен еурокубоктарды қоса алғанда 14 матчқа қатысты. Футболшының қоржынында ҚПЛ-дың қола медалі бар.