Бүгін елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті чемпионаты аясында Екатеринбургтің «Автомобилистімен» қонақта ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» турнир кестесінде сегізінші орында тұр. Қазақстандық команда өз алаңында Магнитогорскінің «Металлургін» (5:4 OT), сырта алаңда «Амурдан» басым түсті (5:4 B).

Өкінішке орай, Хабаровск командасымен өткен екінші ойында «Барыс» 1:5 есебімен ұтылып қалды.

«Автомобилист» Шығыс конференциясының көшбасшыларының бестігінен орын алу үшін күресті жалғастыруда және қазіргі уақытта 51 ұпайға ие. Өз алаңында клуб негізгі уақытта төрт ойында ғана ұтылды. Соңғы кездесуде «Автомобилист» ЦСКА-ны жеңді.

«Автомобилист» - «Барыс» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады. Тікелей эфир Qazsport телеарнасында қол жетімді.