26 қаңтарда Алматы қаласында кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасатын былғары қолғап шеберлерінің есімі белгілі.

Шоу хедлайнерлерінің бірі - жеңіліп көрмеген спортшыларымыз Рай Сейітжанов (5-0, 2 КО) пен Нұрбол Бердімұратовтың (2-0) айқасы. Кездесу 8 раундқа есептелген.

Айта кетейік, Сейітжанов соңғы жекпе-жегін былтыр 18 желтоқсанда өткізді. Ол кеште жерлесіміз ресейлік Евгений Ваземді (9-13) жеңген болатын.