CIES Football Observatory өзінің веб-сайтында еуропалық бес үздік лиганың ең қымбат ойыншыларының соңғы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл тізімде «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Маркус Рашфорд тұр. Оның құны 165,6 миллион еуроға бағаланады. Одан кейін «Боруссия» (Дортмунд) ойыншысы Эрлинг Холланд (152 миллион еуро) жайғасқан. Үздік үштікті «Ливерпуль» қорғаушысы Трент Александр-Арнольд (151,6 млн. еуро) қоры тындылады. Рейтингтің соңғы редакциясында бірінші орында тұрған тұрған Килиан Мбаппе бірден бесінші орынға түсіп кетті.

Соңғы жылдардағы жетекші ойыншылар жас жұлдыздардан едәуір төменде орналасқан. Мәселен, Лионель Месси бұл тізімде тек 97-ші орында, ал Криштиану Роналду («Ювентус») пен Неймар («ПСЖ») үздік жүздікте жоқ.

ТОР 10 рейтингі:

1. Маркус Рашфорд («Манчестер Юнайтед») - 165,6 млн2. Эрлинг Голланд («Боруссия», Дортмунд) - 152 млн 3. Трент Александр-Арнольд («Ливерпуль») - 151,6 млн4. Бруно Фернандес («Манчестер Юнайтед») - 151,1 млн5. Килиан Мбаппе («Пари Сен-Жермен) - 149,4 млн6. Джадон Санчо («Боруссия», Дортмунд) - 148,3 млн7. Джоа Фелиш («Атлетико») - 141,5 млн8. Альфонсо Дэвис («Бавария») - 139,2 млн9. Рахим Стерлинг («Манчестер Сити») - 136,9 млн10. Кай Хавертц («Челси») - 136 млн.