Әйелдер боксынан ұлттық құрама мүшелері «Ұлттар кубогы» халықаралық додасына қатысады.

Сербияның Сомбор қаласында әйелдер боксынан «Ұлттар кубогы» халықаралық турнирі өтеді. Байрақты бәсеке 9-17 қаңтар аралығына жоспарланған.

Аталған додада Қазақстан әйелдер боксы құрама командасынан 9 спортшы қатысады:

Арайлым Марат (48 кг) Дина Жоламан (54 кг) Владислава Кухта (57 кг) Римма Волосенко (60 кг) Жансая Балтабекова (64 кг) Валентина Хальзова (69 кг) Марина Вальнова (75 кг) Гүлсая Ержан (81 кг) Ләззат Күнгейбаева (+81 кг).