Америкалық танымал Boxingscene.com бокс ресурсы қазақстандық Данияр Елеусіновті (10-0, 6KO) 2020 жылдың ең мықты боксшылар тізіміне қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов өткен жылы бір ғана жекпе-жек өткізді, бірақ бұл әлемнің экс-чемпионы Джулиус Индонгомен (23-3, 12КО) көпшілікке танымал жекпе-жек болды. 29 жастағы солақай, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Енді Данияр 2019 жылдың үздіктерінің бірі Вирджил Ортиспен шайқасуға ниетті. Бұл екі боксшы үшін де қызық», - деп жазады Boxingscene.com.

Үздік боксшылар тізіміне Эдгар Берланга Брандун Ли, Хесус Рамос, Элвис Родригес және Остин Уильямс кірді.