Хоккейден Қазақстан чемпионаты аясындағы өскемендің «Торпедо» мен павлодарлық «Ертіс» арасындағы ойын кейінге қалдырылды, деп жазады Prosports.kz.

Бұған еліміздің солтүстік-шығысы мен шығысындағы қатты аяз себеп болып отыр. Аяз салдарынан қатынас-тасымыл мәселесі үлкен кедергіге ұшырап отыр.

Айта кетейік, «Торпедо» мен «Ертіс» арасындағы екі кездесу 5-6 қаңтар Өскеменде өтеді деп жоспарланған болатын. Аталған кездесулер өтетін жаңа дата жақында анықталады.