Қазақстандық дзюдошылар әлемдік Masters турниріне қатысады.

Жаңа маусымның алғашқы додасы Катардың Доха қаласында өтеді. 11-13 қаңтар аралығында өтетін турнирге әлемдік рейтингте ТОП-36 енген дзюдошылар шақыртылған.

Қазақстан құрамасынан аталған әлемдік бәсекеге жеті дзюдошы қатысуға мүмкіндік алды. Олар:

1. Елдос Сметов (60 кг)

2. Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)

3. Елдос Жұмақанов (66 кг)

4. Ерлан Серікжанов (66 кг)

5. Жансай Смағұлов (73 кг)

6. Дидар Хамза (81 кг)

7. Ислам Бозбаев (90 кг)