Дүниежүзілік бокс ассоциациясы (WBA) барлық салмақтағы үздіктердің рейтингін жаңартты.

Жартылай орта салмақ дәрежесінде WBA Continental Americas чемпионы Батыр Жүкембаев рейтингте әлі 13-орында тұр.

WBA Super титулын британдық Джош Тейлор иеленеді, Үздік үштік қатарында: доминикалық Альберто Пуэлло, ұлыбританиялық Льюис Ритсон және кубалық Рэнсес Бартелеми.