Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Анталиядағы ATP турнирінде өнер көрсетеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Отандасымыз аталған турнирдің жұптық сынында бақ сынайды. Серіктесі - украиналық Денис Молчанов.

Айта кетейік, Анталиядағы турнир 5-13 қаңтар аралығында өтеді.