2021 жылғы хоккейден жастар арасындағы чемпионаттың ширек финалында соңғы ойын аяқталып, АҚШ құрамасы Словакияны жеңді (5:2). Осы матч аяқталғаннан кейін, әлем чемпионатының жартылай финалдық жұптар анықталды: Америка командасы Финляндия командасымен, ал Ресей құрамасы Канада командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетелік, Канадада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионаты 2021 жылы 25 желтоқсанда басталды және 6 қаңтарда аяқталады. Барлық матч Эдмонтонда өтіп жатыр.