Қаңтар айында Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан әлем кубогының екі кезеңі өтеді деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Әлем кубогының бесінші кезеңі 7-10 қаңтар аралығында ұйымдастырылады. Спортшылар спринт, із кесу жарысы, эстафета және сингл-микстен жеңімпаздарды анықтайды. Сондай-ақ, әлем кубогының алтыншы кезеңі де Оберфохта өтеді.

13-17 қаңтарда ұйымдастырылатын додаға Қазақстан командасы да қатысады.

Айта кетелік, биатлоннан Қазақстан құрамасы Еуропада жаттығу жиынын өткізіп жатыр.