Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының жетекшісі Эдди Хирн орта салмақтағы IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBO белбеуінің иегері америкалық Деметриус Андраде арасында жекпе-жек ұйымдастыруға ниетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Британдық промоутер бұл жекпе-жек екі боксшы үшін де тиімді деп санайды.

«Мен DAZN-нан (стримингтік қызметке) Головкин мен Андраде арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыруын өтінемін. Олардың екеуінде келісімшарт бар ғой», - деді Хирн SiriusXMBoxing-ке берген сұхбатында.Өз кезегінде Андраде орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізуге қызығушылық танытып отыр, тіпті осы кездесу үшін ақысын төмендетуге дайын. Алайда, бұған келесі жылы екінші орта салмақта титулдарды біріктіргісі келетін мексикалық Сауль Альварес кедергі болуы мүмкін.