2021 жылдың 20-24 қаңтары аралығында шорт-тректен Қазақстан кубогы өтеді. Аталған турнир Нұр-Сұлтан қаласында, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады.

"Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерімен келісілген соң, турнирге көрермендердің қатыспайтыны белгілі болды. Шорт-тректен Қазақстан кубогі карантин жағдайында, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптары сақтай отырып өткізіледі. Жарыс кезінде күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим сақталады", - делінген Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағы таратқан хабарламада.

Айта кетелік, шорт-тректен Қазақстан командасы желтоқсанның аяғына дейін елордада оқу-жаттығу жиынын өткізді.