Қазақстандық файтер Қуат Хамитов кезекті жекпе-жегінің алдында жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жаттығу сәтінен фотосурет жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін «Найман» 22 қаңтарда Магнитогорск қаласында өтетін AMC Fight Nights кешінде ресейлік Магомед Магомедовпен жұдырықтасатынын мәлімдеген болатын.