Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Иван Маевский «Астана» жанкүйерлерімен қоштасты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы футболшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Құрметті жанкүйерлер, менеджерлер, жаттықтырушылар, барлық қызметкерлер және футболшылар! Сонымен, төрт жылдық бірлескен жұмысымыз аяқталды. Бізге жанкүйерлік танытқан, қолдау білдірген, тіпті кейде сынаған барша жанға алғыс айтамын. Мен үшін бұл төрт жыл эмоцияларға, жеңістер, чемпиондық атақтар, еуропалық матчтар мен керемет атмосфераға толы болды! Клубтағы алғашқы күннен бастап өзімді үйдегідей сезіндім. «Астана» командасының ішкі және халықаралық аренада жоғалтқан позицияларын қалпына келтіруіне тілектеспін, әрі осыған сенемін», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Иван Маевский «Астанаға» 2017 жылы ауысып келген.