«Барселонаның» капитаны Лионель Месси мен «Атлетико» ойыншысы Луис Суарес мансабын АҚШ-та жалғастыруы мүмкін.

Месси мен Суарес MLS-те бақ сынайтын «Интер Майами» клубына ауысуы мүмкін. Бұл клубты Дэвид Бекхэм басқарады.

Қос футболшы АҚШ-қа 2022 жылы көшеді деп күтілуде.