Хорватияның Загреб қаласында грек-рим күресінен залықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Балуандар үшін жаңа маусымның алғашқы додасы Grand Prix Zagreb Open болмақ. Дүниежүзілік дода 15-18 қаңтар күндеріне жоспарланған.

Аталған бәсекеде балуандар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97, 130 келі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды.