World Triathlon Атқарушы комитеті кезекті рет телеконференция өткізіп, олимпиада ойындарына іріктеу турнирлерінің қашан басталатынын мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz.

Отырыс нәтижесінде әлемдік ұйым 2021 жылдың 15 наурызына дейін іріктеу турнирлерінің басталмайтынын жеткізді.

Айта кетелік, 2020 жылдың наурызында басталған ғаламдық пандемия кезінде триатлоннан өткізілетін рейтингілік және лицензиялық жарыстар түгелдей тоқтатылған болатын.