Fight Nights Global промоушні Мәскеуде өткен AMC Fight Nights 99 турнирінің үздік жекпе-жегін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік кездесу болып қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай (9-4) мен ирандық Мұхаммед Хейбатидің (3-0) жекпе-жегі деп танылды. Қасымбай бұл кездесуде төрешілер шешімімен жеңілген, қазақстандықтың өзі бұл шешіммен келіспеген болатын.

«Мұхаммед Хейбати мен Мұратбек Қасымбайдың жекпе-жегі Мәскеуде өткен AMC Fight Nights 99 турнирінде үздік деп танылды. Файтерлердің сыйақысына бонус қосылады! Сіздерді құттықтаймыз, осы жылдың ең жақсы жекпе-жектерінің біріне заңды түрде ұсынылатын өте әсерлі жекпе-жек көрсеттіңіздер!", - делінген промоушннің ресми хабарламасында.