Қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркель ойнайтын «Әл-Файсали» Сауд Арабиясы чемпионатының 10-турындағы матчта «Әл-Фатуға» жол берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:3 есебімен аяқталды. «Әл-Фат» бірінші таймда қарсыластар қақпасына жауапсыз үш гол соқты, қонақтар кездесудің екінші жартысында екі голмен жауап берді, бірақ есепті теңемстіре алмады. Меркель сары қағаздарына байланысты матчқа қатысқан жоқ.

Қазіргі уақытта «Әл-Файсали» 13 ұпаймен турнир кестесінің тоғызыншы сатысында тұр. Меркельдің командасы келесі кездесуін 31 желтоқсанда өз алаңында «Әл-Насрға» қарсы өткізеді.