Атақты мексикалық маман Начо Беристайн Сауль Альварестің британ боксшысы Каллум Смитті жеңгені жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бапкер сонымен қатар «Канелоны» GGG-мен өтуі мүмкін үшінші жекпе-жекте айқын фаворит деп санайтынын айтты.

— «Канело» Каллум Смитке қарсы тамаша өнер көрсетті. Ол өзінің шеберлігін Эдди Рейносоның басшылығымен жетілдіргені байқалады. Қазір Сауль нағыз бабыңда. Егер Головкинмен үшінші жекпе-жек өтетін болса, Альварес оны нокаутқа жібереді. Ол осы кездесудегі айқын фаворит», - деді Беристайн ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, 19 желтоқсанда Сан-Антониода Сауль Альварес британдық Каллум Смитті сенімді түрде жеңді. Головкин бір күн бұрын Флоридада поляк Камил Шереметадан басым түсті.

GGG - Канело шайқасы 2021 жылдың көктемінде өтуі мүмкін