ПСЖ мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар өз Отанында 500 қонақ шақырылған кеш ұйымдастырды, деп хабарлайды Prosports.kz As-қа сілтеме жасап.

Іс-шара 26 желтоқсаннан бастап Жаңа жылға дейін 5 күнге созылуы керек. Мереке Рио-де-Жанейродағы Неймардың үйінде өтеді.

Футболшы көршілеріне кедергі келтірмеу үшін үйді дыбыс өткізбейтін етіп жоспарлаған. Ол жертөлеге бар, би алаңы, ди-джей сахнасын және ойын бөлмесін салыпты. Сонымен қатар, Неймар көрші үйді де жалға алған. Кешке өнер көрсету үшін музыкалық топ та шақырылды.

Неймар қонақтарға кеш туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына шықпауы үшін телефондарын пайдалануға тыйым салғанын. Коронавирус пандемиясы кезіндегі мұндай әрекетке көпшілік ашуланды. Неймарға сынға ұшырап жатыр.