Қазақстан маман Владимир Никитенко бастаған «Тараздың» жаттықтырушылар штабы командадан кетті. Бұл туралы KazFootball.kz сайты хабарлады.

63 жастағы Владимир Никитенко жамбылдық команданың тізгініне қаңтарда келген. Оның қол астына команда Преьмер-лигада 8-ші орын алды.

«Тараздан» бас бапкерден бөлек оның көмекшісі Нұрмат Мырзабаев, жаттықтырушы Ваит Талгаев, қақпашылар жаттықтырушысы Мирослав Радованович және физжаттықтырушы Ерлан Елеусінов қызметінен кетті.