Щучинск қаласында шаңғымен жарысудан Қазақстан кубогінің кезекті жарыс күні аяқталды. Olympic.kz классикалық әдіспен жарысқан спринтерлер нәтижесін назарларыңызға ұсынады.

Ерлер арасында Константин Борцов алтын жүлдегер атанды. Күміс медаль Олжас Климиннің, қола жүлде Святослав Матасовтың еншісінде.

Әйелдер арасында Валентина Эбель жеңіске жетті. Екінші орында Дарья Рожко, үшінші сатында Ангелина Шурыга.