"Тоттенхэмнің" бұрынғы бас бапкері Маурисио Почеттино жақын арада "Пари Сен-Жерменнің" жаттықтырушысы атанады, деп хабарлайды Prosports.kz RMC Sport-қа сілтеме жасап.

Газеттің хабарлауынша, аргентиналық маман жақын арада париждіктермен келісімшарт жасасады. Ол қызметінен босатылатын неміс бапкері Томас Тухелді алмастырады.

Айта кетелік, ПСЖ 17-турдан кейін Франция чемпионаты турнирінің кестесінде үшінші орында және көшбасшы "Лилль" мен "Лионнан" бір ұпайға қалып келеді. Чемпиондар лигасында 1/8 финалға жеткен париждіктер "Барселонамен" ойнайды.