«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду жанкүйерлерін Рождество мерекесімен құттықтады, деп жазады Prosports.kz.

Португалиялық футболшы құттықтауын инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жасады. Ол отбасымен бірге отырған суретін жариялады. Аталған суреттен балалары мен әйелі мерекелік шырша жанында жаңа жылдық киіммен отырғанын көруге болады.

«Рождество мерекесі құтты болсын! Махаббатқа, денсаулық пен бақытқа толы болсын», - деп жазды Роналду.