Коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылы U-17 және U-20 әлем чемпионаты қтпейді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ФИФА-ның ресми сайты хабарлады.

Турнирлер Перуда (U-17) және Индонезияда (U-20) өтуі керек еді. Бірақ федерацияның шешімі бойынша бұл елдер 2023 жылы аталған әлем чемпионаттарын қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі U-20 әлем чемпионы - Украина ұлттық құрамасы. Ал 17 жасқа дейінгі әлем чемпионы - Бразилия құрамасы.

Бұған дейін 2021 жылдың 28 ақпанына жоспарланған Англия лигасы кубогының финалдық матчы пандемияға байланысты 25 сәуірге ауыстырылған болатын.