25 желтоқсанда Мәскеуде AMC Fight Nights 99 аралас жекпе-жектен турнир өтеді, жарысқа бір күн қалғанда қатысушылар өзара көз түйістірді. Қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай (10-3) мен оның қарсыласы Мохамад Хейбати (2-0) төбелесіп қала жаздады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мұратбек Қасымбай жеңіл салмақта жұдырықтасады. Еске салайық, Мохамад Хейбати қазақстандық спортшыны жарақат алған тәжікстандық Чоршанбе Чоршанбиевтің орнына жекпе-жекке шақырған болатын.

Қасымбай соңғы жекпе-жегін ММА турнирінде Абдулманап Нурмагомедовты еске алуға арналған жекпе-жекте өткізді, онда ол Fight Nights Global жеңіл салмақтағы чемпиондық атағы үшін таласта ресейлік Мұхаммед Эминовтен төрешілер шешімімен жеңілді.