Дастин Порье мен Коно МакГрегор арасындағы екінші жекпе-жекке арналған ресми постер жарияланды.

Аталған жекпе-жек 2021 жылдың 24 қаңтарында UFC 257 турнирі аясында өтеді.

Айта кетейік, қос файтер арасындағы алғашқы жекпе-жек 2014 жылдың қыркүйегінде өткен. Ол кезде Конор техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.