Алматыдағы NFC 27 турнирінің үшінші жекпе-жегінде қазақстандық файтер Мирас Мұхаметжан мен Мансур Шахгиреевпен кездесті.

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жекте Мансур Шахгиреев қарсыласын екінші раундта қылқындырумен жеңіске жетті.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Асу Алмабаев қырғыз файтері Алманбет Абдывасы уулумен қолғап түйістіреді.

NFC 27 турнирінің серіктесі - UNO сауда маркасы.