Қостанайлық «Тобылдың» шабуылшысы Сенин Себаи мансабын Ресей Премьер-лигасында жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.

Кот-д'Ивуарлық ойыншы «Химки» клубының жейдесін киеді. Себаи бүгін, 24 желтоқсанда аталған командамен келісімшартқа отырды.

Бұл туралы ойыншының агенті Дмитрий Селюк Prosports.kz тілшісі Владимир Жарковпен әңгімесінде айтты. Шабуылшы ресейлік клубқа еркін агент ретінде ауысты, оның «Тобылмен» келісімшарты аяқталған.

«Химок» бапкері Игорь Черевченко Себаимен ертеден таныс. Ол «Балтиканы» жаттықтырған кезде Сенин оның командасында өнер көрсеткен. 2017/18 жылғы маусымда Себаи ФНЛ-да 31 матчта 10 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, ойыншы Қазақстанға 2019 жылғы маусымның басында келді. Кейбір мәліметтер бойынша, «Тобыл» шабуылшы үшін «Тамбовқа» 100 мың еуро төлеген. Екі жыл ішінде Себаи 44 матчқа қатысып, 10 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді.

Тағы бір айта кетерлігі, оның жаңа командасы «Химки» сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат өнер көрсетеді.

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. Кімдер қатысады, қайда, қашан өтеді

«Жетісу» футбол клубының бюджеті 800 миллион теңгеге дейін қысқарады