Танымал Give Me Sport басылымы жанкүйерлерінің дауысы және редакция пікірін ескере отырып жасалған 50 үздік боксшының тізімін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингте филиппиндік Мэнни Пакьяо топ бастап тұр, екінші орынға америкалық кіші Флойд Мейвезер жайғасқан. Үздіктер үштігінде қазіргі орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин де бар.

Головкин кіші Рой Джонс (4), Владимир Кличко (5), Сауль «Канело» Альварес (6), Оскар Де Ла Хойя (8), Майк Тайсон (12) сияқты аңызға айналған шеберлерді шаң қаптырды.

Give Me Sport нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың ең ұлы 50 боксшылары тізімінің алғашқы 20 боксшысы:1. Мэнни Пакьяо2. кіші Флойд Мейвезер.3. Геннадий Головкин4. кіші Рой Джонс5. Владимир Кличко6. Сауль «Канело» Альварес7. Леннокс Льюис8. Оскар Де Ла Хойя9. Бернард Хопкинс10. Джо Кальзаге11. Мигель Котто12. Майк Тайсон13. Василий Ломаченко14. Тайсон Фьюри15. Терренс Кроуфорд16. Сергей Ковалев17. Хуан Мануэль Маркес18. Виталий Кличко19. Марко Антонио Баррера20. Эрик Моралес

Фото thesun.co.uk