«Барыс» командасының бас бапкері Юрий Михайлис ҚХЛ чемпионатында «Авангардты» жеңгеннен кейін қуанышын жасыра алмады, деп хабарлайды Prosports.kz Hcbarys.kz-ке сілтеме жасап.

- Бірінші кезеңде тең ойын болды. Екі команда да көп шабуылдады, бәлкім, командалар бірін-бірі сынап та алған шығар. Екінші кезең толығымен біздің бақылауымызда болды, біз азшылықта болсақ та, тұрып бердік, жігіттерге құрметім шексіз. Үшінші кезеңде - тағы да тең жағдайда ойнадық, біздің мүмкіндігіміз көбірек болды, солардың бірін пайдаландық та! - деді Михайлис.