Астаналық «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті сырт алаңдағы матчта Омбының «Авангардын» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Балашихада өтіп, 3:1 есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды.

Нұрсұлтандықтар сапынан Роман Старченко, Якоб Лилья және Фил Вароне мергендік танытты.

Еске сала кетейік, «Барыс» келесі кездесуін 26 желтоқсанда өз алаңында «Амурға» қарсы өткізеді.

«Авангард» (Омбы, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) - 1:3 (1:1, 0:1, 0:1)Шайба авторлары:

0:1 — 01:14 Старченко (Михайлис).

1:1 — 07:49 Семенов Кирилл Е. (Чудинов, Береглазов).

1:2 — 39:23 Лилья (Вароне).

1:3 — 57:41 Вароне (Фрэттин). Қақпашылар: Грубец — Ортио