The Athletic басылымының журналисі Майк Коппинджер қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қарсылас таңдап берді.

«Геннадий Головкиннің Джермалл Чарлоға қарсы жекпе-жегін көргім келеді. Чарло бұл айқасқа лайықты», деп жазды Коппинджер.

Айта кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегінде Камил Шереметаны жеңіп, IBF және IBO белбеулерін қорғап қалды.