Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, «Жетісу» футбол клубын мемлекеттік қаржыландыру айтарлықтай төмендейді.

Егер 2020 жылы «Жетысуға» облыстық бюджеттен шамамен үш миллиард теңге бөлінген болса, келесі маусымда 800 миллион бөлінеді. Клуб бапкерлер құрамын толық ауыстырып, жергілікті түлектермен ғана өнер көрсетеді. Легионерлердің қызметінен толығымен бас тартуы да ғажап емес.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой футбол клубтарын қаржыландырудың орнына аймақтардың спорттық бюджеттерін толықтыруды ұсынды.

Бірақ клубтардың барлығы бірдей ҚФФ-ның бірінші шенеуніктері мен ел басшылығының ұсыныстарын орындауға ниетті емес сияқты. Prosports.kz сайтына қол жетімді ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы «Тобылға» 1,8 млрд теңге бөлінеді. Шымкенттік «Ордабасының» бюджеті одан 800 миллион артық болмақ.