Алматыда жергілікті «Қайрат» пен «Атырау» АФК арасындағы футзалдан Қазақстан чемпионатының 24-тур матчы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» командасы қарсыласын алты доп айырмашылығымен жеңді - 7: 1.

Осы сәттіліктің арқасында елдің қазіргі чемпиондары 61 ұпай жинап, көш бастап тұр. Екінші орындағы атыраулықтардан 19 ұпай алда келеді.