Алматыда өтетін NFC 27 турнирінің уақыты өзгерді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы промоушеннің баспасөз қызметі хабарлады.Жаңа датаға сай, аталған кеш 24 желтоқсанда Алматыда көрерменсіз өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде 56 келіде M-1 Global уақытша чемпионы Асу Алмабаев өнер көрсетеді. Алматыдағы турнирде Алмабаев қырғызстандық Алманбет Абдывасыұлымен кездеседі. Бұл жекпе-жекте 56 келіде NFC чемпионы атағы сарапқа салынады.

Ал кештің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық Мурад Абдурахманов бразилиялық Серджио де Соузамен кездеседі. Бұл кездесу жартылай ауыр салмақ (93 келі) дәрежесінде өтеді.

Айта кетейік, Алматыдағы NFC 27 турнирінің серіктесі 1XBET компаниясы. Сондай-ақ, турнирдің тағы бір серіктесі UNO сауда маркасы.

NFC 27 турнирінің толық карды жарияланды

АСА 115: Егембердиев «үздік нокауты» үшін сыйақы алды