Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы InStat аналитикалық компаниясының статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып, 2020 жылғы маусым қорытындысы бойынша футболдан Қазақстан чемпионатының айып алаңына дәл бағытталған пастар саны бойынша үздік бес ойыншыны анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболдан Қазақстан чемпионатының айып алаңына дәл бағытталған пастар саны бойынша үздік бес ойыншысы:
1. Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат») – 83 дәл пастар;
2. Марин Томасов («Астана») – 81;
3. Дино Миканович («Қайрат») – 79;
4. Небойша Косович («Қайрат») – 67;
5. Жоао Пауло («Ордабасы») – 59.