«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду Италия чемпионатындағы сұрмергендер тізімінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz Soccer News сайтына сілтеме жасап.

А сериясының 13-ші турында «Парма» қақпасына (4: 0) дубль жасаған КриРо осы маусымдағы 12-голын тойлады. Бұл көрсеткіш бойынша ол Ромела Лукаку («Интер») мен Златан Ибрагимовичтен («Милан») озды, олардың еншісінде 10 голдан бар.

35 жастағы Роналду 2020-21 маусымда «Ювентус» сапында барлық турнирде 13 матч өткізіп, 16 гол соққан және екі нәтижелі пасы тағы бар. Оның клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.