Ла-Плата қаласындағы «Юнико де Ла Плата» стадионы аты аңызға айналған аргентиналық Диего Марадонаның құрметіне өзгертіледі, деп хабарлайды Prosports.kz «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта «Химнасия» мен «Эсгрима» және «Эстудиантес» командалары матч өткізетін арена «Юнико де Ла Плата» деп аталатын. Енді стадионға «Юнико де Ле Плата Диего Армандо Марадона» деген атау беріледі. Манежге 50 мыңға жуық адам сыяды. Марадона 2019-2020 жылдары «Химнасия» мен «Эсгриманы» жаттықтырған.

Еске сала кетелік, Диего Марадона 25 қарашада 60 жасында қайтыс болды.

Бұған дейін Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны және бас бапкерінің құрметіне Неапольдегі стадион атауы өзгертілген еді.